Оны іздеуге құтқарушылар, жоғалған адамның туыстары мен волонтерлер жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.
ERNUR.KZ. Ертіс өзеніндегі іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Қайық аударылып кеткеннен кейін жоғалып кеткен ер адамның денесі оқиға орнынан 4 шақырым жерден табылды, деп жазады Zakon.kz.
Павлодар-онлайн құтқарушыларға сілтеме жасап жазғандай, қайғылы оқиға 12 қыркүйекте болған. Сол күні Ертіс өзенінде бес адам отырған алюминий қайық аударылып кеткен. Төрт адам жағаға өздігінен шыға алған. Ал 1983 жылы туған ер адам жоғалып кеткен.
Оны іздеуге құтқарушылар, жоғалған адамның туыстары мен волонтерлер жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.
"Іздеу барысында құтқарушылар Ертістің оң және сол жағалауы бойынша ағыс бойымен төмен де, жоғары да 272 шақырым жерді жүріп өтті. Сүңгуірлер 28 рет суға түсті. Алты жердегі суға құлаған ағаштар арасын тексеріп, эхолоттың көмегімен өзен түбі зерттелді. Сонымен қатар оң жағалаудың 93 шақырымы жаяу тексерілді", – деп нақтылады ТЖД.
Құтқарушылар тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті. Атап айтқанда, суда жүзу кезінде құтқару кеудешесін пайдаланып, ауа райы қолайсыз болған жағдайда су айдындарына шықпау қажет.


