Бокстан Әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасында допинг дауы шықты

0
1 321

Əлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.


Бокстан Әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасында допинг дауы шықты

ERNUR.KZ. Бокстан Қазақстан командасының мүшесі, 2022 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері, 2020 жылғы Қазақстан чемпионы (60 кг) Саматәлі Төлтаев допинг дауына байланысты командадан шеттетілді. Бұл туралы бас бапкер Мырзағали Айтжанов Bassport.kz.-қа берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Саматәлі Төлтаевтың допинг қолданғаны дәлелденсе, төрт жылға спорттан шеттетілуі мүмкін.

"Мен командаға келген соң, қайтадан дәрігерлерді, ғылыми кешенді топ қызметкерлерін жинап, жұмыс істей бастадық. Олар жігіттерге допинг туралы үнемі ескертіп отырады. Тіпті, көшеден су ішуге болмайтынын да ескертеміз. Ал Саматәлі достарының, таныстарының айтуымен витамин ішемін деген ойда болған. Бүгінде одан екінші сынама алынады. Халықаралық комиссия шешеді бәрін. Қазір оны үйіне қайтардық. Жаттығу жиындарында жоқ. Боксшылар мамандар мен дәрігерлердің бақылауында", - деді бас бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте өтетін Əлем чемпионаты қарсаңында оқу-жаттығу жиынын Алматы облысындағы "Ақбұлақ" базасында өткізді. Мұнда Ұлттық құраманың барлық 88 өкілі дайындықтан өтті. Сондай-ақ отандастарымыздан бөлек, мұнда Ұлыбритания, Əзірбайжан, Грузия мен Тəжікстаннан келген 60 боксшы шеберлік шыңдады.

Ал Əлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.