Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына еліміздің атынан 12 спортшы қатысады

0
741

Дүбірлі додада еліміздің атынан 12 боксшы сынға түседі.


Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына еліміздің атынан 12 спортшы қатысады

ERNUR.KZ. Бүгін, 9 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалауын көтереді, деп жазады ҚазАқпарат.

Дүбірлі додада еліміздің атынан 12 боксшы сынға түседі. Алғашқы жекпе-жек 9 мамырда өткізіліп, финалдық сайыстар 19-20 мамыр күндеріне белгіленген.

Ел құрамасы сапында Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық боксшылар алғашқы жекпе-жегінде Канада, Колумбия, Пуэрто-Рико, Испания, Финляндия, Алжир, Өзбекстан, Кения, Түркия және Украина боксшыларымен кездеседі.