30 қыркүйекте Орталық стадионда өтетін Чемпиондар лигасының екінші тур ойынында қазақстандық "Қайрат" испаниялық "Реалға" қарсы кездесу өткізеді.
ERNUR.KZ. Бүгін сағат 17:00-ден бастап алматылық "Қайрат" пен мадридтік "Реал" ойынына билеттер сатылымға шығады, деп жазады baq.kz.
30 қыркүйекте Орталық стадионда өтетін Чемпиондар лигасының екінші тур ойынында қазақстандық "Қайрат" испаниялық "Реалға" қарсы кездесу өткізеді. Бұл матч қазақстандық футбол тарихындағы ең көп күтілген ойындардың бірі. Ойын саған 21:45-те басталады.
Билеттердің бағасы трубинаның орналасуына қарай сатылады.
Батыс трибунасы:
- 30 000 теңге – 1-9-секторлар, 1-2-қатарлар;
- 250 000 теңге – 1-17-секторлар.
Шығыс трибунасы:
- 150 000 теңге – 30-48-секторлар.
Солтүстік/Оңтүстік (қақпа артындағы секторлар):
- 75 000 теңге – 18-28 және 49-60-секторлар.