Дзюдо құрамасының бас бапкері 2022 жылы алғашқы жарыс қайда болатынын айтты

0
712

Биылғы маусымды тәмамдайтын жаттығу жиыны Түркістан облысындағы "Алма тау" кешенінде өтті.


Дзюдо құрамасының бас бапкері 2022 жылы алғашқы жарыс қайда болатынын айтты

ERNUR.KZ. Дзюдодан Қазақстан командасының мүшелері жылдың соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, қазіргі сәтте демалыс алды. Бұл туралы команданың бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.

"Биылғы маусымды тәмамдайтын жаттығу жиыны Түркістан облысындағы "Алма тау" кешенінде өтті. Спортшылар жақсы жұмыс істеді. Жаңа жыл қарсаңында көңілдері көтеріліп, үйлеріне мәз-мейрам болып тарқасты.

Енді қаңтардың басында Өзбекстанның Ташкент қаласын бетке аламыз. Сол жақта Халықаралық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен жаттығу лагері өтеді. Бірнеше мемлекет өз құрамаларын жібереді. Кейін елге келіп, тағы бір жиын өткіземіз.

Ал 2 ақпан күні Парижде (Франция) Grand Slame турнирі басталады. Жылдың ресми тұсаукесері сол жарыс болмақ. Елдос Сметов бастаған жігіттер Париж татамиінде күреседі", - деді Жылгелдиев.