Дзюдодан Қазақстан командасы Хорватиядағы Гран-при турнирінде екі алтын медаль алды

0
238

Соңғы жарыс күнінде Ақерке Рамазанова жарыс жолына шықты.


Дзюдодан Қазақстан командасы Хорватиядағы Гран-при турнирінде екі алтын медаль алды

ERNUR.KZ. Қазақстан спортшылары Хорватияның Загреб қаласында өткен дзюдодан Гран-при турнирін екі алтын медальмен аяқтады, деп жазады ulyssport.kz.

Соңғы жарыс күнінде Ақерке Рамазанова жарыс жолына шықты. +78 келіде сынға түскен Ақерке жұбаныш белдесуінде аустриялық Мария Холвартқа есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан еншісінде үш медаль бар. Бірінші орынды Шерзод Давлатов (60 келі) пен Жанарыс Рахметқали (66 келі) еншілесе, Ғалия Тынбаева (48 келі) екінші орынға тұрақтады.