Дзюдодан Еуропа кубогы мәресіне жетті

0
2 537

Жарыстың соңғы күнінде қазақстандық спортшылар топ жарды.


 Дзюдодан Еуропа кубогы мәресіне жетті

ERNUR.KZ. 15 мамыр күні Ресейдің Оренбург қаласында дзюдодан Еуропа кубогы аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде қазақстандық спортшылар топ жарды.

-78 келі салмақта татамиге шыққан Назгүл Маратова мен 70 келіде ел намысын қорғаған Ажар Салықова жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Назгүл Маратова күміс медаліне ие болса, ал Ажар Салықова кәрі құрлық кубогын 3 - орынмен аяқтады. Тимур Болат пен Думан Алдиев бастаған Қазақстан ұлттық құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен жарысты 16 ел ішінде жалпы командалық есепте 2 - орынмен аяқтады.