Дзюдошылар жүлдесіз қалды

0
267

Токиода 7-8 желтоқсан күндері өткен «Үлкен Дулыға» турнирінде татамиге шыққан қазақстандық 11 дзюдошының ешқайсысы жүлде ала алмады.


Дзюдошылар жүлдесіз қалды

ERNUR.KZ. Жапонияда өткен «Grand Slam» турнирінде дзюдошыларымыз жүлдесіз қалды, деп жазады baq.kz.

Токиода 7-8 желтоқсан күндері өткен «Үлкен Дулыға» турнирінде татамиге шыққан қазақстандық 11 дзюдошының ешқайсысы жүлде ала алмады.

Дәстүрлі турнирге қатысқан отандық татами шеберлерінің тек біреуі ғана қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған еді. Қалған дзюдошылар алғашқы айналымнан жарысты аяқтады. Тек 73 келіде Бақытжан Әбдірахманов қана екінші айналымға өткен болатын.

Ал, 90 келіде Максим Мейірлан қола үшін күрестеіжапон дзюдошысы Комеи Кавабатадан жеңілді.

Айта кетейік, Қазақстан дзюдошылары Париж Олимпиадасынан кейін Загреб Гран Приі мен Абу Даби Гранд Слэміне қатысты. Бұған дейінгі сында дзюдошылар 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иеленген болатын.