Рейтингтегі алғашқы тоғыз команда автоматты түрде 1/16 финалға жолдама алды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық «Қайрат» АФК мен «Ақтөбе» МФК клубтары УЕФА рейтингінің ТОП-10-ына енді. Бұл нәтиже қазақстандық командаларға 2020/21 маусымындағы Чемпиондар лигасындағы жолды 1/16 финалдан бастауға мүмкіндік береді, деп жазады Prosports.kz.
Рейтингтегі алғашқы тоғыз команда автоматты түрде 1/16 финалға жолдама алды, оның ішінде «Қайрат» пен «Ақтөбе» де бар. 32 команда арасындағы жеребе 2020 жылдың 4 желтоқсанына жоспарланған, матчтар 2021 жылдың 12-17 қаңтары аралығында өтеді.
Алдын ала тур 24-29 қараша аралығында өтеді. Оған коэффициенттер кестесінде рейтингтері төмен 46 команда қатысады, олар жарыстың келесі кезеңіне 23 жолдама үшін таласады.
УЕФА футзал клубтарының рейтингі:
- «Барса» (Испания) – 69,001 ұпай;
- «Интер» (Испания) – 60,667;
- «Спортинг» (Португалия) – 57,999;
- «Қайрат» (Қазақстан) – 35,667;
- «Бенфика» (Португалия) – 33,332;
- КПРФ (Ресей) – 24,000;
- «Газпром-ЮГРА» (Ресей) – 20,333;
- «Ақтқбе» (Қазақстан) – 16,000;
- «Добовец» (Словения) – 14,501.