Ал Паралимпиада ойындарында өнер көрсететін пара атлеттеріміз бүгінде 11 жолдамаға қол жеткізген.
ERNUR.KZ. Биыл Франция төрінде алауы жағылатын XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы қазір 26 лицензия еншілеп отыр. Ел қоржынында әзірге спорттың 9 түрі бойынша жолдама бар, деп жазады zakon.kz.
Атап айтар болсақ, бокстан – 7, нысана көздеуден – 5, садақ атудан – 4, тасжолдағы велоспорттан – 3, заманауи бессайыстан – 2, таеквандодан да 2, грек-рим күресі, еркін күрес және спорттық гимнастикадан бір-бір лицензия.
Ал Паралимпиада ойындарында өнер көрсететін пара атлеттеріміз бүгінде 11 жолдамаға қол жеткізген.
Олардың ішінде жекелей сындар бойынша пара пауэрлифтинг, пара каноэ, пара жеңіл атлетика, пара нысана көздеуден бір-біреуден, ал пара таеквондо мен пара жүзуден үш-үштен лицензия қалтада.
Париждегі дүбірлі додада сондай-ақ отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрамамыз да өнер көрсетеді.