Ол бірінші айналымда 6:2, 6:3 есебімен ұтты.
ERNUR.KZ. Нью-Йоркте теннистен «Үлкен Дулыға» турнирінің биылғы маусымдағы соңғы бәсекесі басталды. Аталған сынға Қазақстаннан төрт спортшы қатысуда, деп жазады Olympic.kz.
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады. Ол бірінші айналымда белоруссиялық Александра Сосновичті 6:2, 6:3 есебімен ұтты.
Екінші кезеңде Елена франциялық Каролин Гарсиямен кездеседі.
Михаил Кукушкин испаниялық Пабло Андухаровдан, Юлия Путинцева эстониялық Кайе Канепиден ұтылды.
Сондай-ақ, италиялық Ясмин Паолиниге қарсы ойнаған Ярослава Шведова да турнирмен қош айтысты.