Қазақстандық теннисші үздік ондыққа енген.
ERNUR.KZ. Sportico басылымы 2023 жылы әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшылардың тізімін жариялады. Бұл тізімге қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да енді, деп жазады inbusiness.kz.
Бір қызығы, рейтингтің үздік ондығына жеті теннисші кірген, ал 24 жастағы қазақстандық жетінші орынға жайғасты.
Жылдың ең көп жалақы алатын 10 спортшысы:
Кори Гауфф (АҚШ, 22 жас, теннис) – 22,7 миллион доллар (6,7 миллион жүлде қоры);
Ига Швятек (Польша, 22 жас, теннис) – 21,9 миллион (9,9 жүлде қоры);
Эйлин Гу (Қытай, 20 жас, сноуборд) - 20 миллион (27 мың жүлде қоры);
Эмма Радукану (Ұлыбритания, 21 жас, теннис) – 16,2 миллион (238 мың жүлде қоры);
Наоми Осака (Жапония, 26 жас, теннис) – 15 миллион (0 жүлде қоры);
Арина Сабаленка (Беларусь, 25 жас, теннис) – 12,2 миллион (8,2 миллион жүлде қоры);
Елена Рыбакина (Қазақстан, 24 жас, теннис) – 9,5 миллион (6 миллион жүлде қоры);
Джессика Пегула (АҚШ, 29 жас, теннис) – 9 миллион (6 миллион жүлде қоры);
Симон Билс (АҚШ, 26 жас, көркем гимнастика) – 8,5 миллион (0 жүлде қоры);
Нелли Корда (АҚШ, 25 жас, гольф) – 7,9 миллион (1,4 миллион жүлде қоры).