20 наурыз күні Қазақстанның үздік ракеткасы Елена Рыбакина финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды.
ERNUR.KZ. Теннисші Елена Рыбакина Қазақстандағы жанкүйерлеріне алғысын айтты, деп жазады zakon.kz.
"Қазақстандағы жанкүйерлеріме, қазір жаңа жеңістерді бағындыруға ұмтылып жатқан жігіттер мен жасөспірімдерге ерекше алғыс айтамын! Бәрі де мүмкін. Маған сеніп, үнемі қолдап отыратындарыңыз үшін рахмет... Сіздердің көмектеріңізбен мен кортта қолымнан келетіннің бәрін жасай аламын", – деп жазды Рыбакина 21 наурызда Instagram парақшасында.
20 наурыз күні Қазақстанның үздік ракеткасы Елена Рыбакина финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ ол ресми түрде "әйелдер арасында әлемнің жетінші ракеткасы" деген атаққа ие болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі беделді турнирдегі жарқын жеңісімен құттықтады.