Қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қостанай облысында отбасылық демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды. Тобыл өзенінде ер адам мен оның кәмелетке толмаған қызы суға батып кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 13 тамызда Қостанай ауданындағы Нечаевка ауылының маңында болған.
Өңірлік ТЖД мәліметінше, ер адам бес баласымен бірге су жағасына барып, шомылуға арналмаған жерде суға түскен.
«Шомылу кезінде екі қыз суға бата бастаған. Олардың бірі өздігінен жағаға шығып үлгерді. Екінші қыз суда қалып қойды. Әкесі жүзе алмайтынына қарамастан, қызын құтқаруға ұмтылған. Салдарынан екеуі де суға батып кетті», – делінген хабарламада.
Ағыс ер адам мен қыздың денесін алып кеткен. Құтқарушылар баланың денесін 13 тамыз күні кешке тапты. Ал ер адамның денесі келесі күні табылды.


