Елена Рыбакина үздік 30 теннисшінің қатарына кірді

0
783

Ол Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.


Елена Рыбакина үздік 30 теннисшінің қатарына кірді

ERNUR.KZ. Елена Рыбакина бүгін жаңартылған WTA рейтингінде үздік отыз теннисшінің қатарына кірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Рейтингте 36-орыннан 30-орынға көтерілген Е.Рыбакина Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.

Бұл – 20 жастағы Е.Рыбакинаның өз спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші.

Е.Рыбакина енді Хобарт (Аустралия, жүлде қоры 275 мың АҚШ доллары) турнирінде ойнайды. Оның қарсыласы – әлемнің 69-ракеткасы, словениялық Тамара Зиданшек.

Қазақстанның бұрынғы бірінші ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 32-орыннан 37-ге сырғыды. Ол Аделаида (Аустралия, жүлде қоры – 848 мың АҚШ доллары) турнирінің іріктеу сайыстарынан сәтті өткенімен, бүгін алғашқы айналымда әлемнің 52-ракеткасы, аустралиялық Айла Томляновичтен 6:7 (4:7), 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Тағы бір қазақстандық Зарина Дияс рейтингте 75-тен 73-сатыға көтерілді.