Жарысқа 58 елден 500-ге жуық спортшы қатысты.
Бокстан Кельце қаласында (Польша) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Санжар Ташкенбай 1-орынға ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
49 келіде сынға түскен отандасымыз финалдық кездесуде Ресей елінің спортшысы Роберт Бадалянды 4:1 есебімен жеңіп, алтынан алқа тақты.
Байрақты бәсекеге 58 елден 500 ге жуық спортшы қатысты.
Айта кетейік, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс 4 қола жүлдемен төртінші орынға жайғасты.