Спорттық іс-шара биыл Иорданияда өтті.
фото: Olympic.kz
ERNUR.KZ. Үш жүлделі орынды да қазақстандықтар Иордания астанасы Амманда өткен Азия чемпионатында жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.
Еркін күрестен Ұлттық құрама палуаны Нұрқожа Қайпанов үш дүркін Азия чемпионы атанды. Отандасымыз 74 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Нұрқожа Қайпанов финалда қырғыз спортшысы Орозобек Токтомамбетовты 2-1 есебімен жықты.
Еркін күрестен Ұлттық құраманың тағы бір палуаны Болат Сақаев (86 кг) Азия чемпионатының финалында ирандық Аболфазл Ясер Рахманиге есе жіберді. Алғашқы секундтан бастап шиеленісті өткен белдесудің есебі: 4-11 болды.
Болат Сақаев 2 жыл бұрын Астанада өткен сары құрлық бәсекесінде 79 келіге дейінгі салмақта топ жарған.
Азамат Дәулетбеков (-92 кг) та дәл осы чемпионатта қола жүлдегер атанды. Тәжірибелі спортшы жүлде жолында өзбекстандық Шерзод Пойоновты 2-1 есебімен жеңді. Бұл Азамат үшін сары құрлық бәсекесіндегі алтыншы медаль.
Ол осыған дейін 86 кг дейінгі салмақта 3 алтын, 1 күміс, 1 қола алған.