Іріктеу бәсекесі 1-4 мамыр аралығында Токиода өтуге тиіс болатын.
ERNUR.KZ. Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) синхронды жүзуден олимпиадаға іріктеу турнирін кейінге қалдырды, деп жазады inbusiness.kz.
Бұған дейін FINA 29-30 мамыр күндері Фукуока қаласында өтеді деп жоспарланған ашық суда жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирін, кейін 18-23 сәуірге жоспаралған суға секіруден әлем кубогін кейінге шегерген болатын. Аталған турнирлерге қатысты соңғы әрі нақты шешім бір аптаның ішінде белгілі болады.