Дүбірлі додаға алғаш рет қатысып отырған өзбекстандық футболшылар бірінші ойында Оңтүстік Американың тәжірибелі құрамасына жолықты.
Фото: Championat.com
ERNUR.KZ. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында K тобында сынға түсіп жатқан Өзбекстан - Колумбия кездесуі аяқталды, деп жазады inform.kz.
Ойынның 42-минутында колумбиялық Даниэль Муньос өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Ол әріптесі Луис Диастың берген пасын голға айналдыра білді.
Ендігі кезекте Фабио Каннаваро шәкірттері таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
Екінші кезеңде өзбекстандық шабуылшы Аббосбек Файзуллаев 60-минутта көздеген нысанадан мүлт кетпесе, 65-минутта Луис Диастың голынан кейін қайтадан Колумбия алға шықты.
Ал 99-минутта колумбиялық Хаминтон Кампас қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Өзбекстан құрамасы қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, бұл топтағы Португалия - Конго Демократиялық Республикасы кездесуінде 1:1 есебі тіркелді.
Енді 23 маусымда Өзбекстан құрамасы Португалиямен кездессе, 24 маусымда Колумбия мен Конго ДР жасыл алаңға шықты.
Сондай-ақ L тобында Англия құрамасы Хорватияны 4:2 есебімен жеңсе, Гана Панаманы 1:0 есебімен жеңді.


