Бұл Қазақстан командасының УЕФА-ның Ұлттар лигасындағы соңғы, алтыншы матчы еді.
ERNUR.KZ. «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны қабылдады, деп жазады inform.kz.
Бұл Қазақстан командасының УЕФА-ның Ұлттар лигасындағы соңғы, алтыншы матчы еді.
Бірінші таймда 40-минутта Қазақстан құрамасының капитаны Юлия Мясникова есеп ашты.
Екінші кезеңде 48-минутта Аида Гайстенова есепті 2:0-ге жеткізді. Он минуттан кейін Ю.Мясникова екінші голын соқты. 68-минутта Армения ойыншысы Клаудия Чолакян айып добын орындады. Доп Қазақстан қақпашысы Ангелина Портнованың арқасына тиіп, қақпаға кіріп кетті. Дегенмен 71-минутта Камила Құлмағамбетова матчтың нүктесін қойды – 4:1.
Алты турдың қорытындысы бойынша Мадияр Кембілов жаттықтыратын Қазақстан С4 тобында 8 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Израиль (16 ұпай) көш бастаса, Эстония (10 ұпай) екінші сатыға жайғасты. Ал Арменияда бірде-бір ұпай жоқ.