Футболдан Қазақстан құрамасының ФИФА-ның жаңартылған рейтингіндегі орны анықталды

0
117

Әлем чемпионаты мен Америка кубогының жеңімпазы Аргентина құрамасы әлі де көш бастап тұрса, Франция екінші, Испанияда үшінші орында тұр.


Футболдан Қазақстан құрамасының ФИФА-ның жаңартылған рейтингіндегі орны анықталды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды, деп жазады stan.kz.

Футболдан Қазақстан құрамасы қыркүйектегі матчтардың қорытындысы бойынша Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде 109-орнын сақтап қалды. Қыркүйекте Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында екі кездесу өткізіп, өз алаңында Норвегиямен (0:0) тең ойнаса, кейін Словениядан (0:3) жеңіліп қалды. ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасының позициясы өзгермеді. Команда 0,41 ұпай жоғалтып, 109-орнын сақтап қалды. Сондай-ақ рейтингтегі үздік ондықта өзгеріс болмады. Әлем чемпионаты мен Америка кубогының жеңімпазы Аргентина құрамасы әлі де көш бастап тұрса, Франция екінші, Испанияда үшінші орында тұр.