Гандболдан Қазақстан чемпионы "Қостанай Аруы - 2021" атанды

0
653

21 жастағы бойжеткен Қостанай өңірлік университетінде "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша 4-курста оқиды.


Гандболдан Қазақстан чемпионы

ERNUR.KZ. "Қостанай Аруы - 2021" байқауының жеңімпазы Малика Каримова атанды, деп жазады Tengrinews.kz.

21 жастағы бойжеткен Қостанай өңірлік университетінде "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша 4-курста оқиды. Ол 10 жылдан бері гандболмен кәсіби түрде айналысады, спорт шеберіне үміткер, гандболдан Қазақстан чемпионы.

"Қостанай Аруы" вокалмен айналысады, сұлулық салонында және флорист болып жұмыс істейді. Бойжеткен гүл шоқтарын жасағанды ұнатады.

"Мен БҰҰ-да ізгі ниет елшісі болуды армандаймын. "Қазақстан Аруы" атағы "Әлем аруы" байқауына қатысуға, ізгі ниет елшісі болуға, қайырымдылықпен айналысуға мүмкіндік береді",- деді бойжеткен.

Маликаның университетте оқитын сіңлісі бар, анасы жеке кәсіпкер.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көріп, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.

Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы-2021" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова болған еді.