Гонконгта қазақстандық балуан қола медаль жеңіп алды

0
279


Гонконгта қазақстандық балуан қола медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық Эсмигуль Куюлова қола медаль жеңіп алды, деп жазады kaz.inform.kz.



Атап айтсақ, Ұлттық құрама дзюдошысы Эсмигуль Куюлова Гонконгта Азия чемпионатының қола медаліне қол жеткізді.

Ол кіші финалда Зулхумар Дашкиноваға (Түркменстан) еш мүмкіндік бермей, мерзімінен бұрын ұтты. Бұл оның сары құрлық чемпионатындағы бірінші жүлдесі.

Таңғы сессияда Эсмигуль (-63 кг) 2-айналымда жапон балуаны Кирари Ямагучиден жеңіліп қалды. Жұбаныш белдесуінде үндістандық спортшыдан басым болды.

Айта кетейік, Азия чемпионатының жеңімпазы рейтингте 700, күміс жүлдегер 490 ұпай алса, қола медаль алған 2 дзюдошыға 350 балл қосылады.

Аталған Сарықұрлық додасында 34 елдің 262 таңдаулы татами шеберлері өзара кім мықтыны анықтап жатыр.