Грекия-Қазақстан футбол матчына нидерландылық төрешілер қазылық жасайды

0
659

2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін екі құрама 21 наурызда бақ сынайды.


Грекия-Қазақстан футбол матчына нидерландылық төрешілер қазылық жасайды

ERNUR.KZ. Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия кездесуінде Нидерланд елінен Данни Маккели бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады, деп жазады inform.kz.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін екі құрама 21 наурызда бақ сынайды. Ойын 21 наурыздан 22-не қараған түні сағат 00:35-те Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бас төреші - нидерландтық Данни Маккели. Оған отандастары Хессел Стеегстра мен Ян де Врис көмекшілік жасайды. Қосалы төреші де - сол елдің өкілі Аллард Линдхаут.

Аталған ойынға қазақстандық футболшылар Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында дайындалды.

Оқу-жаттығу жиыны аясында қазақстандық футболшылар Түрікменстанмен өткен жолдастық кездесуде қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Бұл жұптың жеңімпазы 26 наурызда тағы да сырт алаңда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Жеңімпаз құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алады.
Қазақстандық футболшылар құрлықтық доданың іріктеу сатысында H тобында сынға түсіп, үшінші орынға тұрақтады.