Ирандық футболшы "Челси" қақпасына ғажайып гол соқты (видео)

0
738

Матч 1:1 есебімен аяқталды.


Ирандық футболшы

ERNUR.KZ. "Брайтон" футболшылары Англия Премьер-лигасының 21-турында "Челсимен" тең түсті, деп жазады Vesti.kz.

1 қаңтарда "Фалмер" стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 7-минутта испаниялық қорғаушы Сезар Аспиликуэта "Челсиді" алға шығарған. Бірақ 84-минутта ирандық форвард Алиреза Джаханбахш әдемі гол соғып, алаң иелерін жеңілістен құтқарып қалды.


Матчтан кейін "Челсидің" бас бапкері Фрэнк Лэмпард Джаханбахш тың голын ғажайып деп бағалады.

Осы матчтан кейін 36 ұпай жинаған "Челси" төртінші орында келеді. Ал 24 ұпайы бар "Брайтон" 20 клубтың ішінде 14-орында тұр.