Ол 10 шақырым қашықтықты бір қолмен 5 сағат 2 минуттың ішінде жүзіп өтті.
ERNUR.KZ. Ирандық спортшы қыз Эльхам Асгари Оман теңізінде бір қолмен жүзуден әлемдік рекордты жаңартты, деп ҚазАқпарат.
Ол екі шығанақ - Чабахар мен Кенарак арасында 10 шақырым қашықтықты бір қолмен 5 сағат 2 минуттың ішінде жүзіп өтіп, Гиннестегі әлемдік рекордты жаңартты.
Эльхам Асгар сондай-ақ бұдан бұрын хиджап киіп жүзуден де 5 шақырым 580 метрді бағындырып, рекорд жасаған еді.