Испанияда 19 жастағы төреші матч алдында жаттығып жатып көз жұмды

0
805

Жергілікті федерация марқұмның отбасына көңіл айтты.


Испанияда 19 жастағы төреші матч алдында жаттығып жатып көз жұмды

ERNUR.KZ. 19 жастағы лайнсмен Фернандо Алькарас Берналь "Монтикасильяс" және "Сан-Хинес" арасындағы Мурсия аймағының матчі алдында жаттығып жатып көз жұмды, деп жазады vesti.kz.

Фернандо ес-түссіз құлаған екен. Дәрігерлер оны құтқарып қала алмаған.

Жергілікті федерация жас төрешінің отбасына көңіл айтты.