"Қайрат" және футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы әлемнің үздік қақпашысы сыйына ұсынылды

0
1 269

Ол бұл сыйды бұрын да екі рет алған.


ERNUR.KZ. Алматылық "Қайрат" және футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Игита 2018 жылғы әлемнің үздік қақпашысы атағына ұсынылды, деп жазады kaz.vesti.

Одан бөлек "Әлемнің үздік қақпашысы" бойынша UMBRO Futsal Awards 2018 сыйына үміткерлер тізімінде: Миодраг Аксентьевич (Сербия, "Тюмень"), Гуитта (Бразилия, "Спортинг"), Фернандо Лопес Перейра "Карека" (Бразилия, "Атлантико Эреким"), Хесус Эрреро (Испания, "Интер"), Михал Калуза (Польша, "Рекорд"), Стефано Маммарелла (Италия, "Аква Сапоне"), Алиреза Самими (Иран, "Мес Сунгун"), Георгий Замтарадзе (Ресей, КПРФ) және Хо Ван Я (Вьетнам, "Тай Сон Нам").

Айта кетейік, Игита бұл сыйды 2015 және 2016 жылдары алған, ал биыл төртінші рет ұсынылып тұр. Мұның алдында үздік қақпашы сыйын екі рет қатар тек италиялық Стефано Маммарела (2011, 2012) мен аңызға айналған испаниялық Луис Амадо (2003, 2004) ғана болған.

Еске салайық, сәуірде Алматыда УЕФА-ның футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі өтеді, бұл жарысқа "Қайрат" та қатысады. Алматылықтардың қарсыласы екі дүркін чемпион "Барселона", қазіргі чемпион "Интер" және финалда екі рет испаниялықтарға есе жіберген "Спортинг" болады.