2019 жылы Уолтер Каутондоквамен (18-2, 17 КО) болған айқаста белбеуді жеңіп алғаннан кейін Қанат бір ғана жекпе-жек өткізді.
ERNUR.KZ. Еш жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO International титулынан айырылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Дүниежүзілік бокс ұйымының мұндай шешім қабылдауына қазақстандықтың белсенділігінің төмендігі және титулды қорғай алмауы себеп болған. 2019 жылы Уолтер Каутондоквамен (18-2, 17 КО) болған айқаста белбеуді жеңіп алғаннан кейін Қанат бір ғана жекпе-жек өткізді.
Енді орта дивизиондағы WBO International белбеуі BoxRec.com сайтында бос орын ретінде көрсетілген және оның жаңа иесі 15 қаңтарда ресейлік Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) басқа қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың жекпе-жегінде анықтау жоспарлануда. Бұл айқас Ақтауда өтеді.