"Канело" допинг дауына қатысты мәселеге бірінші рет ашық жауап беретін болды

0
1 164

Альварес үш рет сынақтан өтіп, үшеуінде де оның қаны таза болды. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы "Канелоны" 18-сәуірге дейін жекпе-жектерден шеттетті. Дәл сол күні оның ісіне қатысты сот отырысы өтеді.


Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) тілшілерге арналған баспасөз жиынын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Ақпан айында Альварестің қанынан спортшыларға тиым салынған кленбутерол дәрумені табылған еді. Боксшының командасы бұл дәруменнің боксшының қанына бұзылған ет арқылы түскенін айтты. Содан соң Альварес үш рет сынақтан өтіп, үшеуінде де оның қаны таза болды. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы "Канелоны" 18-сәуірге дейін жекпе-жектерден шеттетті. Дәл сол күні оның ісіне қатысты сот отырысы өтеді.

"Golden Boy сейсенбі күні Альварестің қатысуымен баспасөз жиыны өтетінін хабарлады. Біз онда боламыз", - деп жазды Los Angeles басылымының тілшісі Лэнс Пагмайер парақшасында.