Канвон-2024: Конькимен жүгіруден үш спортшымыз финалда бақ сынайды

0
702

Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді.


Канвон-2024: Конькимен жүгіруден үш спортшымыз финалда бақ сынайды

ERNUR.KZ. Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында конькимен жүгіруден масс-старт сайысының жартылай финалдық кезеңінен үш жерлесіміз сүрінбей өтті, деп жазады inform.kz.

Аталған бәсекеде Руслан Жанәділов, Михаил Матрюхин, Кристина Шумекова мен Алина Шумекова қатысқан болатын.

Нәтижесінде қыздар арасында Алина Шумекова 5- орынмен (5:59.81), Кристина Шумекова 7-орынмен (6:26.07), ал, ұлдар арасында Руслан Жанәділов 8-орынмен (5:36.59) жартылай финалдық кезеңге жолдама алды.

Өкінішке қарай Михаил Матрюхин 9-орынмен (6:22.65) жартылай финалдық кезеңге өтпей қалды.

Енді санаулы уақыттан кейін финалдық кезең ойындары басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының алауы 19 қаңтар күні тұтанды.

Канвон провинциясының Каннын қаласында өтетін жылдың басты жарысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында 41 спортшы 5 спорт түрінен бақ сынап жатыр.

Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді.

Аталған жарыста әлемнің 80-ге жуық елінен 1 800 спортшы 7 спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығын сарапқа салуда.