Қарсыласына аяқ көтеріп амандасқан спортшы оңбай таяқ жеді

0
780

UFC аясындағы жекпе-жек кезінде жымысқы әрекет жасаған спортшы сазайын тартты.


Қарсыласына аяқ көтеріп амандасқан спортшы оңбай таяқ жеді

ERNUR.KZ. Жекпе-жектің басында дәстүрлі қол алысу кезінде австралиялық спортшы қарсыласымен амандасқысы келгендей кейіп танытып, күтпеген жерден бір тепкен, деп жазады ktk.kz.

Австралиялық спортшы Надя Кассим UFC аясындағы жекпе-жек кезінде жымысқы әрекет жасағаны үшін сазайын тартты. Оқиға Мельбурндегі UFC 243 турнирінде болған.

Жекпе-жектің басында дәстүрлі қол алысу кезінде Кассим қарсыласымен амандасқысы келгендей кейіп танытады, алайда оны бір тебеді.

Дегенмен ол бұл жымысқы әрекеті үшін бірден сазайын тартты – бір секундтан кейін оңтүстіккореялық Джи Йон Ким оны нокдаунға жіберді. Нәтижесінде жекпе-жек екі раундқа созылып, австралиялық спортшы техникалық нокаутпен ұтылды.