Қатар-2022: Бразилияның бас бапкері орнын босатты

0
900

Бапкер өз командасы ширек финалда Хорватиядан жеңіліп қалғаннан кейін қызметінен кететінін айтты.


Қатар-2022: Бразилияның бас бапкері орнын босатты

ERNUR.KZ. Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысқан Бразилия құрамасының бас бапкері Тите орнын босатты, деп жазады ҚазАқпарат.

TNT Sports мәлім еткеніндей, бапкер өз командасы ширек финалда Хорватиядан жеңіліп қалғаннан кейін қызметінен кететінін айтты.

Тите Бразилия тізгінін 2016 жылдан бері ұстады. Оның басшылығымен пентакампеондар әлем чемпионатының екі рет ширек финалына дейін жетті.

Осыдан төрт жыл бұрын Тите шәкірттері ¼ финалда Бельгиядан ұтылып қалса, бұл жолы хорватиялықтарға пенальти сериясында жол берді.

Бразилия 2002 жылы финалда Германияны жеңгеннен кейін еуропалық командалармен кездесулерде жолы болмай жүр. Олар плей-офф бәсекесінде соңғы алты матчта еуропалықтарға есе жіберді.

Хорватия Бразилияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.