Қазақ боксшысы шетелде Канело Альварестен де жоғары бағаланды

0
160

Brunch Boxing рейтингті жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы шығарған.


Қазақ боксшысы шетелде Канело Альварестен де жоғары бағаланды

Фото: 24.kz

ERNUR.KZ. Онда Жәнібек Әлімханұлының Анауэль Нгамиссенгемен (14-1, 9 KO) өткізген жекпе-жегі 20-орынды иеленіп отыр, деп жазады inbusiness.kz.

78 пайыз оң пікір жинаған қазақ боксшысы биылғы жылдың ең мықты бокс кештерінде Сауль Канело Альварестен (62-2-2, 39 KO) жоғары тұр. Анығын айтсақ, Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) жекпе-жегі мексикалықтың абсолют чемпион атағы үшін өткізген кездесуінен төрт есе көп қолдау тапқан.

Еске салайық, Канело кубалық Уильям Скуллмен (23-1, 9 KO) кездескен еді, ол жекпе-жек тізімнің ең соңында, яғни 37-орында тұр. Жанкүйерлер мұны "іш пыстырар әрі абсолют чемпион мәртебесіне сай келмейді" деп бағалауға мәжбүр.

2025 жылдың ең үздік 5 жекпе-жегі:

  • Наоя Иноуэ – Рамон Кардэнас – 99%;
  • Дэвид Бенавидес – Дэвид Моррелл – 98%;
  • Артур Бетербиев – Дмитрий Бивол 2 – 93%;
  • Фернандо Мартинес – Кадзуто Иока – 91%;
  • Калеб Плант – Джермалл Чарло – 90%.

Дәл осы жекпе-жектердің аясында, Nomad Promotions ұйымдастырған Әлімханұлы мен Нгамиссенге арасындағы кездесу де бар.