Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президентін арнайы қабылдап, құрмет көретті.
ERNUR.KZ. Спорт қайраткері Серік Төкеевке Түркістан облысының әкімі құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда елімізде қазақ күресі өте жоғары қарқында дамып келеді. Бірнеше рет Азия, әлем чемпионаттары ұйымдастырылды. Ал, осы игі істердің басы-қасында белгілі балуан, спорт қайраткері Серік Төкеевтің жүргенін жұрт біледі. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеевті арнайы қабылдап, құрмет көретті.
Атап айтсақ, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясын талай жыл басқарған Серік Төкеевтің еңбегі бағаланып, «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағына лайық деп танылған болатын.
Сонымен қатар, өңір басшысының қолынан осы марапатты алған азамат Түркістан облысындағы спорт жанашырларына алғысын айтып, қазақ күресін Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізу үшін бар күш-жігерін салатынын жеткізді.