Қазақстан-Албания матчы: қазақстандық футболшы алаң ортасынан гол соқты — видео

0
667

​Албаниямен матч қорытындысы бойынша ұлттық құрама жеңіліп, топтағы бірінші орынды иелену мүмкіндігіне айырылды.


Қазақстан-Албания матчы: қазақстандық футболшы алаң ортасынан гол соқты — видео

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының бесінші турындағы матчта Албаниядан ұтылды. Есеп — 1:3, деп жазады sputnik.kz.

Алаңға ең мықты деген спортшылар шықты. Алайда матч жағымсыз рекордтан басталды. Небәрі 10-шы секундта Олжас Керімжанов сары қағаз алды. Бұл Қазақстан құрамасының тарихындағы ең жылдам берілген ескерту қағазы.

Бірер минуттан соң албаниялықтар екі рет гол соқты. Соколь Чикалеши мен Адриан Исмайли — 2:0 есебімен көзге түсті.

Бұдан соң алаң ортасынан Айбол Әбікен қарсылас қақпасына доп бағыттап, есепті 2:1-ге жеткізді. "Қайраттың" жартылай қорғаушысы үшін бұл құрама сапындағы алғашқы гол болды.

Үзілістен соң 60-шы минутта Марочкин өзінің айып алаңында ереже бұзып, пенальти белгіленді. Оны Рей Манай сәтті орындады. Есеп — 3:1.

Келесі шабуылда Қазақстан үшін жақсы мүмкіндік туындады. Бірақ құрама капитаны Сүйімбаев бос қақпаға гол соға алмай қалды.

Мұндай ойыннан соң Қазақстан топта бірінші орынды иелене алмайды. Өйткені, төрт ұпаймен төртінші орында тұр. Ал Албания сегіз ұпай жинады.

Айта кетейік, Михал Билектің ойыншылары 18 қарашада Алматыда Литва құрамасын қабылдайды. Дәл осы күні Албания Беларусьпен кездеседі.