Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Колинге берді.
ERNUR.KZ. Қазақастандық боксшы, Азия чемпионатының жүлдегері Санатәлі Төлтаев Ташкенттегі әлем чемпионатында жеңіліп қалды деп жазады Stan.kz
63,5 келіде өнер көрсететін Төлтаев 1/16 финалда маврикийлік боксшы Ришарно Колинмен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Колинге берді. Бұл Қазақстан құрамасынан жарысты аяқтаған екінші боксшы. Мұның алдында 60 келіде Талғат Сырымбетов турнирден шығып қалған. Үш раунд бойы Сырымбетов қарсыласынан басым болса да, төрешілер индонезиялық Азия чемпионына жеңісті берген.4 мамырда кешкі сессияда тағы бір қазақстандық боксшы рингке шығады. Олимпиада ойындарының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Алексей Дроновпен жұдырықтасады.