Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ұлттар лигасында 40 метрден таңқаларлық гол салды

0
549

40-минутта ұлттық құрама капитаны Юлия Мясникова 40 метрге жуық қашықтықтан айып добын сәтті орындады.


Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ұлттар лигасында 40 метрден таңқаларлық гол салды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасында Армениямен ойын өткізді. "Астана Аренада" өткен кездесуде отандастарымыз 4:1 есебімен жеңіске жетті, деп жазады vesti.kz.

40-минутта ұлттық құрама капитаны Юлия Мясникова 40 метрге жуық қашықтықтан айып добын сәтті орындады. Оның шиіре тепкен добын қарсылас команда қақпашысы қайтара алған жоқ. Бұл іріктеудегі Қазақстан құрамасының үздік голдарының бірі.

Екінші таймда Юлия екінші голын соғып, дубль авторы атанды. Сондай-ақ құрама сапында Аида Гайстенова мен Камила Құлмағамбетова бір-бір голдан соқты.

Қазақстан құрамасы "С" лигасының 4-тобында 8 ұпаймен 3-орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі үздік гол атанған болатын.