Еліміздің атынан соңғы болып жарыс жолына 107 келіден жоғары салмақ дәрежесінде пауэрлифтер Ғани Исентемиров шықты.
ERNUR.KZ. Ханчжоудағы IV Азия пара ойындарында қазақстандық спортшылар жарысты 11-орынмен аяқтады, деп жазады inform.kz.
Еліміздің атынан соңғы болып жарыс жолына 107 келіден жоғары салмақ дәрежесінде пауэрлифтер Ғани Исентемиров шықты. Ол жарыс қорытындысы бойынша алты спортшының арасынан алтыншы орынды иеленді.
Бұл додада қазақстандық параспортшылар барлығы 41 медаль жеңіп алды: 8 алтын, 12 күміс және 21 қола. Ел намысын 14 спорт түрінен 131 спортшы қорғады. Осылайша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-орынға тұрақтады.
Медальдық есепте жарыс қожайыны Қытай құрамасы жеңімпаз атанды. Олардың қоржынында – 521 медаль (214 алтын, 167 күміс және 140 қола). Одан кейін 131 медальмен (44-46-41) Иран құрмасы екінші орынға жайғасты. Ал жапондықтар 150 медальмен (42-49-59) үздік үштіктен көрінді.