Қазақстан құрамасы қол күрестен әлем чемпионатында 134 медаль жеңіп алды

0
1 590

Қазақстан құрамасы 51 алтын, 40 күміс, 43 қола жүлдемен жалпы есепте екінші орын алды.


Қазақстан құрамасы қол күрестен әлем чемпионатында 134 медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Румынияның Константа қаласында армрестлингтен 41-ші әлем чемпионаты өтті. 54 мемлекеттен 1400 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде ел намысын 146 спортшы қорғады, деп жазады baq.kz.

Жарыстың алғашқы күні жастар мен жасөспірімдер арасында ел құрамасы 32 алтын, 22 күміс, 19 қола жүлде иеленді. Жалпы командалық есепте Ресей мен Грузияны артқа тастап бірінінші орынға шықты.

5cdfc7f2-16a8-4768-bfe9-994e301d9803.jpg

Ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы бәсекеде де қазақстандық қол күрес шеберлері қарсыластарына дес бермеді. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында еліміз 8 алтын, 7 күміс, 11 қола жүлдені жеңіп алды. Ал ардагерлер арасында отандастарымыз 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды.

Жарыстың шешуші кезеңі ересектер арасында өтті. Спортшыларымыз ел қоржынына 8 алтын, 9 күміс, 11 қола медаль салып, ерлер құрамасы бірінші орыннан көрінді.

612a6ae1-226f-4bba-9502-b23cea853690.jpg

Қазақстан құрамасы 51 алтын, 40 күміс, 43 қола жүлдемен жалпы есепте екінші орын алды. Бірінші орынды Ресей Федерациясы иеленсе, үздік үштікті Грузия спортшылары қорытындылады.