Қазақстан құрамасының бас бапкері ресейлік клубтың тізгінін ұстауы мүмкін

0
668

45 жастағы Магомед Адиев 2022 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқаруда.


Қазақстан құрамасының бас бапкері ресейлік клубтың тізгінін ұстауы мүмкін

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ресйлік "Урал" командасының бас бапкері болуы мүмкін, деп жазады vesti.kz.

Адиев "Урал" тізгінін команданың қазіргі бапкері Игорь Шалимов қызметінен кетсе ұстауы мүмкін. Қазіргі уақытта Адиев аталған команда тізгінін ұстауы мүмкін деген мамандардың қатарында.

45 жастағы Магомед Адиев 2022 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқаруда. Ресейді ол осыған дейін "Анжи", "Ахмат", "Чайка", "Легион-Динамо" және "Волга" команаларын жаттықтырған.

Ал Шалимов болса "Уралдың" тізгінін 2021 жылдың тамысызда ұстады. Команда биыл 53 жастағы бапкердің бастамасымен үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіліп қалды.