4 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі.
ERNUR.KZ. Қазақстан ұлттық құрамасы чартерлік рейс арқылы Финляндия астанасы Хельсинки қаласына келіп жетті. Ұшу уақыты шамамен 4,5 сағатты құрады, деп жазады kaz.vesti.kz.
4 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі. Матч Олимпиадалық стадионда өтеді. Ал оған дейін құрама команда жаттығу жұмыстарын өткізіп, дайындығын бір пысықтайды. Сонымен қатар бас бапкер Талғат Байсуфинов матч алдында баспасөз мәслихатын өткізеді.
Айта кетейік, еліміздің басты командасының қатарына «Астана» қақпашысы Дмитрий Непогодов келіп қосылды. Себебі, негізгі қақпашы Стас Покатилов екі сары қағаз алғандықтан бұл матчқа қатыса алмайды. Сонымен қатар виза мәселесіне байланысты Азат Нұрғалиев пен Бахтиор Зайнутдинов те Финляндия жеріне келген жоқ.