Қазақстан шахмат Олимпиадасында қатарынан бесінші рет жеңіске жетті

0
103

Бұған дейін аруларымыз 16-орында тұрған Армениямен күш сынасты.


Қазақстан шахмат Олимпиадасында қатарынан бесінші рет жеңіске жетті

Фото: Sports.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан 46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында қатарынан бесінші жеңісіне жетті, деп жазады inform.kz.

Бесінші турда қазақстандық шахматшылар Германия құрамасын 2,5:1,5 есебімен жеңді. Командаға шешуші ұпайды Ханна Мари Клекпен ойында жеңіске жеткен Меруерт Камалиденова әкелді.

Бибісара Асаубаева — Динара Вагнер, Алуа Нұрман — Элизабет Пётц және Елназ Қалиахмет — Яна Шнайдер арасындағы партиялар тең аяқталды.

Бес турдан кейін Қазақстан әйелдер құрамасы 100 пайыздық көрсеткішпен, яғни бес жеңіспен турнир кестесінде үшінші орында тұр. Бірінші орында Польша құрамасы, екінші орында Қытай командасы келеді.

Айта кетейік, әйелдер арасында Қазақстан құрамасының күн сайын қарсыластарының деңгейі өсіп келеді. Бұған дейін аруларымыз 16-орында тұрған Армениямен күш сынасты.