Қазақстандық бапкер еуропалық клубты ЧЛ-ның екінші кезеңіне шығарды

0
546

​Жауапты кездесуде "Жальгирис" командасы сырт алаңда солтүстікирландиялық "Линфилд" командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.


Қазақстандық бапкер еуропалық клубты ЧЛ-ның екінші кезеңіне шығарды

ERNUR.KZ. Қазақстандық бапкер жаттықтыратын литвалық "Жальгирис" командасы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz.

Жауапты кездесуде "Жальгирис" командасы сырт алаңда солтүстікирландиялық "Линфилд" командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Литвалық клуб сапында Саулюс Миколюнас (17-минут) және Онеьи Онази (44-минут) гол соқса, алаң қожайындары сапынан Крис Шилдс (66-минут, пенальти) көзге түсті.

Чебуриннің командасы бұл ойынды тоғыз футболшымен аяқтады. 64-минутта Эльхаджи Пап Диау және 89-минутта Каролис Узела қызыл қағаз алды.

Еске салайық, Литвада өткен бірінші кездесу 3:1 есебімен аяқталған еді. Осылайша екі ойынның қорытындысы бойынша "Жальгирис" жеңіске жетіп, келесі кезеңге шықты.