Қазақстандық дзюдошы ММА турнирінде үндістандық қарсыласын нокаутқа түсірді

0
478

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.


Қазақстандық дзюдошы ММА турнирінде үндістандық қарсыласын нокаутқа түсірді

Сурет: instagram/naiza.mma

ERNUR.KZ. Қарағандыда өтіп жатқан NAIZA 68 MMA лигасы турнирінде жеңіл салмақта (57 келіге дейін) өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Абылайхан Шаратов (2-0) өнер көрсетті, деп жазады zakon.kz.

sportarena.kz-тің хабарлауынша, турнирдегі қазақстандық файтердің қарсыласы үндістандық Сагар Кашьяп (4-1) болды.

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Шаратовтың техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, бұл Шаратовтың кәсіби карьреасындағы үшінші жеңісі болды.