Қазақстандық гимнасттар Ташкентте өткен әлем кубогында екі медальға ие болды

0
486

Қазақстан командалық жарыстарда күміс және қола медаль иеленді.


Қазақстандық гимнасттар Ташкентте өткен әлем кубогында екі медальға ие болды

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен көркем гимнастикадан әлем кубогында екі марапатқа ие болды, деп жазады stan.kz.

Қазақстан командалық жарыстарда күміс және қола медаль иеленді.

Алдымен қазақстандық гимнасттар төрешілерден 28,15 ұпай жинап, финалдық жаттығуларда екінші орынға ие болды. Қытай командасы басым болды. Қазақстанның намысын Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева және Ақсұңқар Әбдірахман қорғады.

Содан кейін қазақстандық команда үш лентамен және екі доппен 26,15 ұпай жинап, әлем кубогының қола жүлдегері атанды. Мұнда да Қытай құрамасы (27,20) жеңіп, екінші орынды Германия өкілдері (27,00) иеленді.