Жекпе-жекте Мария бірінші раундта тұншықтыру тәсілін қолданып, уақытынан бұрын жеңіске жетті.
ERNUR.KZ. Қазақстандық ММА шебері Мария Агапова Invicta FС промоушенімен келісім аясында бірінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.
М.Агапова Канзас-Ситиде (АҚШ, Канзас штаты) аралас жекпе-жек турнирі аясында күш сынасты. Ол жергілікті файтер Алекса Коннерспен айқасты. Жекпе-жекте Мария бірінші раундта тұншықтыру тәсілін қолданып, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Бұл оның кәсіби мансабындағы сегізінші жеңісі. Ол мансабында тек бір рет жеңіліс тапса, Коннерс бесінші рет жеңіліп қалды.
Еске салайық, Мария Агапова мұның алдындағы айқаста америкалық Трейси Кортестен (6-1) төрешілердің шешімімен жеңілген болатын. Бұл айқаста UFC – аралас жекпе-жектен әлемдегі ірі промоушнмен келісім бәске қойылған еді.