Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Б.Жукаев тайбэйлік Рэй Хомен бірге табысты өнер көрсетті.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Бейбіт Жукаев жұптық сында Дохадағы ITF турнирінің финалына дейін жетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Б.Жукаев тайбэйлік Рэй Хомен бірге табысты өнер көрсетті.
Қазақстандық-тайбэйлік жұп финалда ғана франциялықтар Тео Аррибаж бен Лука Саннеске тартысты бәсекеде 5:7, 4:6 есебімен есе жіберді.
Б.Жукаев жекелей сында жартылай финалға дейін жетті. Онда жарыстың бірінші ракеткасы, швециялық Драгос Мадарасқа жол берді - 1:6, 3:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Қүламбаеваның жылды чемпиондық атақпен бастағанын, Елена Рыбакинаның Аделаида турниріндегі қаосыласы анықталғанын жазған болатынбыз.