Қазақстандық велошабандоз әлем чемпионатында жүлде алды

0
553

Курдиди 1000 метрлік қашықтықта қола медаль иеленді.


Қазақстандық велошабандоз әлем чемпионатында жүлде алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық велошабандоз Кирилл Курдиди жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп жазады zakon.kz.

Курдиди 1000 метрлік қашықтықта қола медаль иеленді. Бірінші және екінші орындарды Ресей мен Германия өкілдері алды.

Кириллді керемет нәтижемен құттықтаймыз! - деп жазды Қазақстан велоспорт федерациясының instagram аккаунты.

Еске салсақ, велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 1-5 қыркүйек аралығында Каирде (Египет) өткен болатын.

Бұған дейін әлем чемпионатының қола жүлдесін қазақстандық велошабандоз Юлия Голубкова алған.