Қазақстандық велошабандоз Қытайдағы жарыстан алтын тақты

0
199

Жарыс тартысты өтті.


Қазақстандық велошабандоз Қытайдағы жарыстан алтын тақты

фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандық велошабандоз Рамис Дінмұхаметов Гонконгтағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанып, қоржынға алтын салды. 68 елден 304 велошабандоз қатысқан додада отандасымыз 136 ұпай жинады, деп жазады inbusiness.kz.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, велотректен екінші орынды Аустрия спортшысы Конор Лихи, үшінші орынды жапониялық Канта Умезауа еншілепті.

Сондай-ақ, командалық спринтте Қазақстан ерлер құрамасы (Данияр Шаяхметов, Кирилл Курдиди, Рамазан Мұхтар) күміске қол жеткізді.

Кейрин бағдарламасында бақ сынаған отандастарымыз Андрей Чугай 9-шы, Данияр Шаяхметов 12, Кирилл Курдиди 17-орыннан көрінді.